Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 сәуір 2016
Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин Парламент Сенаты депутаттарына ҚР Бас прокуроры лауазымына Ж.Асановтың кандидатурасын ұсынды

 

Н.Нығматулин 25 сәуірде А.Дауылбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысының жарлығымен Бас прокурор лауазымынан босатылғанын, соған орай Қазақстан Президенті ҚР Конституциясына сәйкес ведомствоның жаңа басшысының кандидатурасын келісу үшін Парламент Сенатына ұсынатынын атап өтті.

Осыған байланысты Президент Әкімшілігі Басшысы Мемлекет басшысының ұсынымын оқып, Ж.Асановтың жұмыс тәжірибесі мол екенін, прокуратура органдарының барлық деңгейіндегі лауазымдарында болғанын, Президент Әкімшілігінде және Әділет министрлігінде қызмет атқарғанын атап өтті. Мәжілістегі заң шығару жұмысынан тәжірибесі бар екенін және соңғы үш жарым жылда Бас прокурордың орынбасары болғанын айтты.

Ж.Асановтың кандидатурасы Сенат депутаттарының басым көпшілігінің дауысымен бекітілді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар