Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жарқын жеңісімен Үндістан Республикасының Премьер-Министрі Манмохан Сингх құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелім,

Сіздің көреген басшылығыңыз Қазақстанға өркендеу мен бейбітшілік алып келді. Сіздің қайта сайлануыңыз Қазақстан халқының сенімін білдіру болып табылады. Сізге алдағы жылдары да табыстар тілеймін. Үндістан мен Қазақстан арасында тығыз және достық қатынастар орныққан. Менің Қазақстанға алдағы сапарым біздің стратегиялық серіктестігімізді одан әрі нығайтуға және әртараптандыруға мүмкіндік туғызып, біздің халықтарымыздың өзара тиімді қарым-қатынастарын дамытуға, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет ететін болады деп күтемін.

Үндістан Республикасының Премьер-Министрі

Манмохан Сингх

Нью-Дели, 2011 жылғы 4 сәуір.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар