Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жарқын жеңісімен Түркия Республикасының Премьер-Министрі Реджеп Тайип Эрдоған құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі,

Сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Сіздің осы күнге дейін ұстанған саяси және әлеуметтік бағыт-бағдарыңызды қолдайтынын айқындайтын маңызды көрсеткіші екені даусыз. Қазақстанның алдағы кезеңдерде Сіздің басшылығыңызбен гүлдену жолындағы нық қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне толық сенімдімін.

Елдеріміз арасындағы бауырластық сезімдер мен ортақ тіл, мәдениет және тарихи байланыстардан күш алатын мызғымас қарым-қатынастар мен ынтымақтастық халықтарымыздың мүддесі үшін арта түседі және өңіріміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет етеді деген сенімдерді осы орайда тағы да бір рет қуаттағым келеді.

Түркия Республикасының Премьер-Министрі

Реджеп Тайип Эрдоған

Анкара, 2011 жылғы 4 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар