Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүл құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары Мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы,

Сайлау тыныш және еркін жағдайда өтті. Мен бұған өте қуанышытымын. Қазақстан халқы ең лауазымды қызметке Сізді сайлау арқылы Сізге деген сенімін тағы да қуаттады.

Сіздің дана және көреген саясатыңыздың арқасында Қазақстанның өңірдің гүлденген аралы ретінде биікке көтеріліп, халықаралық аренадағы абыройының күн сайын артуына куә болудамыз.

Біздің бауырлас халықтарымыздың арасындағы достықты нығайтуға Сіздің қосқан құнды үлестеріңіздің маңызы зор.

Стратегиялық әріптестік дәрежесіне көтерілген байланыстарымыздың ортақ келешегіне сенімімен қарайтынымды білдіргім келеді.

Түркия Республикасының Президенті

Абдуллаһ Гүл.

Анкара, 2011 жылғы 4 сәуір.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар