Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түрік тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Рамил Һасанов құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сайлау нәтижелері өз болашағы мен үкілі үмітінің келешектегі қарқынды әлеуметтік және экономикалық дамуын Өзіңіздің есіміңізбен байланыстыратын Қазақстан халқының Сізге деген айрықша сенімін мейлінше айғақтайды.

Біз Сізді әлемдегі зор құрмет пен абырой-беделге ие дана, ұстанымы берік саясаткер ретінде білеміз.

Өңірлік лидер бола отырып, Қазақстан түркі қоғамдастығына кіретін бауырлас елдердің көп қырлы өзара іс-қимылын жан-жақты дамытуға бағытталған қызметінде басты рөлдердің бірін атқарады. Сіздің белсенді ұстанымыңыз алдымызда тұрған міндеттерді оңтайлы шешуге тиімді жол салуға мүмкіндік беретініне сенемін.

Түрік тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы

Рамил Һасанов


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар