Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Бүгінде Қазақстанды халықаралық аренада тек қана өз азаматтарына бейбітшілік пен тұрақтылықты, қауіпсіздік пен гүлденуді, үйлесім мен дамуды қамтамасыз еткен мемлекет ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік қоғамдастық мүшелерімен тығыз ынтымақтастық пен жемісті серіктестікті орнықтырған мемлекет ретінде біледі. Қазақстан халқы Тәуелсіздік жылыдарындағы елде жүзеге асырылған орасан жаңаруларды Сіздің есіміңізбен тікелей байланыстырады.

Тәжікстан Республикасының Президенті

Эмомали Рахмон

Душанбе, 2011 жылғы 4 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар