Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Президент,

Сізді Қазақстан Президенті сайлауындағы жеңісіңізбен құттықтаймын және Сіздің еліңіз бен халқыңыз үшін экономикалық, саяси және өзге салалардағы маңызды қызметіңіздің жалғасын табуына барынша табыстар тілеймін.

Осы жағдайды пайдалана отырып, Сізге мен қанағаттанушылықпен қабыл алған, биылғы жылы Қазақстанға екі жақты сапармен келуге шақыруыңыз үшін ризашылығымды білдіремін.

Литва Республикасының Президенті

Даля Грибаускайте

Вильнюс, 2011 жылғы 4 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар