Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Испания Үкіметінің Төрағасы Хосе Луис Родригес Сапатеро құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Сіздің Қазақстан Республикасының қызметіне қайта сайлануыңызға байланысты Сізге үлкен қанағаттанушылық сезіммен өзімнің шын жүректі құттықтауымды жолдаймын және Сіздің жаңа президенттік мерзіміңіз барысында зор табыстар тілеймін.

Сондай-ақ Сізге Испания Үкіметі біздің елдеріміз арасында орныққан ынтымақтастық пен достықтың тамаша қарым-қатынстарын тереңдетуді жалғастыру ниетінде екенін айтқым келеді.

Испания Үкіметінің Төрағасы

Хосе Луис Родригес Сапатеро


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар