Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Грузия Президенті Михаил Саакашвили құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,

Болып өткен сайлауда Қазақстан халқы Сізге тағы да сенім білдіре отырып, тәуелсіз және экономикалық күшті мемлекеттегі реформалар мен демократиялық даму үшін, сондай-ақ Сіздің дана басшылығыңызбен осы жолда қол жеткен айқын табыстарды мойындап дауыс берді.

Отанның игілігі үшін ұзақ жылдар бойы риясыз пайдаланып келе жатқан Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіз келешекте де Қазақстан Республикасының гүлденуіне арналатынына сенім білдіремін.

Біздің халықтарымыз бен мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды нығайту ісіне Сіздің қосқан өзіндік үлесіңізді біз жоғары бағалаймыз.

Грузия Президенті

Михаил Саакашвили


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар