Жаңалықтар

5 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо құттықтады.

Жеделхат мәтінінде былай делінген:

Жоғары мәртебелі,

Мен Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын және бұл таңдау Қазақстан халқының Сізге және Сіздің саястыңызға деген орасан сенімінің айғағы деп санаймын. Сіздің үдемелі экономикалық дамып келе жатқан жас мемлекеттің қалыптасуындағы жеке үлесіңіз және жоғары халықаралық беделіңіз Сіздің халқыңыздан лайықты бағасын алды, ал Қазақстанды одан әрі дамыту жолындағы көзқарасыңыз қолдауға ие болды.

Сіздің басшылығыңызбен саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуға ұмтылысы жолында Қазақстанға келешекте табыстарға жетуіне тілектестік білдіремін, Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы жемісті ынтымақтастық жалғастынына сенемін.

Біз Қазақстан тарабынан ЕҚЫҰ-ға қолдауды жоғары бағалаймыз. Оған Сіздің елдің өткен жылы ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретіндегі өте табысты лидерлігі дәлел болып табылады. Қазақстан біздің Ұйымның өміріне жаңаша дем және орның жұмысына тың серпін берді. Мен Қазақстан алдада ЕҚЫҰ-да белсенді рөл атқаратынына сенімдімін.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның

Бас хатшысы

Марк Перрен де Бришамбо

Вена, 2011 жылғы 5 сәуір


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар