National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүлмен кездесті

2014 жылғы 05 маусым

 

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайтудың негізгі бағыттарын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдуллаһ Гүл «Жаңа синергия» бірлескен ортақ экономикалық бағдарламасы аясындағы бірқатар бағыттар бойынша өзара іс-қимылды арттыру мәселелерін қарастырды.

Қазақстан Президенті Түркия біздің елдің негізгі экономикалық серіктесінің бірі екенін айтты.

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық, әсіресе білім беру саласындағы қарым-қатынасты одан әрі өрістету жайына айрықша көңіл аударды. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің оқу мекемелерінде білім алатын жастар санының көбеюі бұл үрдістің қарқын алуына оң ықпал етіп  отырғанын атап өтті.


 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің