Жаңалықтар

1 сәуір 2016
Елбасы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге бұрынғы вице-канцлер, сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта мемлекет қайраткері Г.Геншердің бүкіл өмірін Германия халқының бірлігі жолына арнағаны атап өтілген.

«Қазақстан халқы Г.Геншерді екіжақты достық қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан ірі тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Геншердің отбасы мүшелеріне, бүкіл Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар