National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақ елі» кинофильмінің көрсетілімін тамашалады

2016 жылғы 01 қараша

Елбасының өзі идея авторы болып саналатын киноэпопея Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының киностудиясында түсірілген.

Қазақстандық жаңа тарихи кинотуындыға қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы – «Алмас қылыш» романы негіз болған. Фильмдегі оқиғалар XV ғасырда өрбиді. Оған Жәнібек пен Керей хандар тұсындағы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы барысындағы басты оқиғалар арқау болады.

Көп сериялы тележоба жұмысына республикадағы танымал кинематографистер – қоюшы режиссер Рүстем Әбдірашев, сценаристер Смағұл Елубаев пен Тимур Жақсыбеков атсалысты. Жалпы, бұл фильмді түсіру жұмысына 500 адам тартылған.

«Қазақ елі» туындысы таяу арада жалпыұлттық прокатқа шығарылады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің